Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері өзгереді
Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін қайта қарау жоспарлануда. Бұған электр энергиясын өндіруші ұйымдардан түскен өтініштер себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ашық НҚА" порталында энергетика министрінің "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрығының жобасы жарияланды.
Құжатта заң жобасын әзірлеуге энергия өндіруші 60 ұйымның электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзету туралы өтінімдері негіз болғаны айтылған.
"Елде тұрақты энергиямен жабдықтауды және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 60 энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) үшін шекті тарифтер қайта қаралды. Бұл шешім жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтарды жаңарту және олардың сенімділігін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруға қажетті қаржылық жағдай жасауға бағытталған", – деп жазылған құжатта.
Алайда шекті тарифтердің нақты қаншаға өзгеретіні және бұл өзгерістердің қай өңірлерге қатысты болатыны құжатта нақтыланбаған.
Құжат 2026 жылғы 6 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады. Егер жоба қабылданса, энергия өндіруші ұйымдар үшін тарифтерді өзгерту мерзімі биылғы 10 қыркүйек деп көрсетілген.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы ондаған тұрғын үй кешенінің тұрғындары төленбеген қарыздар үшін жарықсыз қалуы мүмкін екенін жазған едік.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”
