Қазақстанда екі университет лицензиясынан айырылады
Қазақстанда тағы екі жоғары оқу орнының лицензиясы қайтарып алынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Үкіметтегі брифингте журналистер министрден Қазақстандағы жоғары білім сапасын министрлік қалай бағалайтынын және кейінгі жылдары оқу сапасының төмендігіне байланысты қанша жоғары оқу орнының лицензиясы қайтарылғаны немесе жабылғанын сұрады.
Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылған.
"Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір екі университетке қатысты тиісті жұмыс атқарылуда", – деді министр.

Министр нақты қандай жоғары оқу орындары жабылатынын атаудан бас тартты.
"Мен бұған дейінгі брифингте де айтқанмын, біз жауапкершілікпен әрекет етуіміз керек. Себебі қазір ол оқу орындарында ондаған, жүздеген мың студент оқуын жалғастырып жатыр. Егер мен түпкілікті шешім қабылданбай тұрып қандай да бір мәліметтерді жария етсем, бұл студенттерге әсер етуі мүмкін", – деді Саясат Нұрбек.
Министр ақпарат шешім қабылданғаннан кейін ресми түрде жарияланатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін министр Саясат Нұрбек талапкерлерге арналған жаңа балама тест туралы айтып берген еді.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.