Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

аптап ыстық күн
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 5, 6 және 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін”, – делінген хабарламада. 

5 мамырда елдің солтүстігінде, 6–7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

“Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды”, – деп болжам жасады синоптиктер. 
Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 04 Мамыр, 2026 22:31