Қылмыстық топ Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды облыстарында заңсыз алтын өндірген

Қазақстанда алтын ұрлығы мен заңсыз кен өндіруге қарсы шаралар күшейтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, былтырдан бері бірқатар өңірде алтын ұрлығы мен заңсыз кен өндіруге қатысы бар 1400-ден астам адам жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам алтын құрамды материал тәркіленді.
Биыл полиция Жамбыл облысындағы “Ақбақай” тау-кен байыту комбинаты аумағында алтын құрамды кенді заңсыз өндіру, өңдеу және ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтады. Қазір іс сотта қаралып жатыр.
Сондай-ақ мониторинг барысында кәсіпорын аумағына заңсыз кіру дерегі жедел тоқтатылған. Жедел іс-шара нәтижесінде Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан құралған топ ұсталды. Олар алтын құрамды материалды ұрлау арнасын жолға қоюға әрекеттенген.
Күдіктілерден қару-жарақ, ірі көлемдегі ақша, байланыс құралдары және автокөліктер тәркіленді. Қазір тергеу жүргізіліп, келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.
Қазір келтірілген залал анықталып, кәсіпорынның күзет қызметі өкілдерінің бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Алматыда жасырын цех танымал неміс брендінің атымен заңсыз сыра өндіргені хабарланған еді.
Жасырын цех жертөледе орналасқан. Онда танымал неміс брендінің атын жамылып, алкоголь өндірген. Тінту барысында құқық қорғау органдары сыра өндіруге арналған арнайы қайнату жабдықтарын, шикізатты, сондай-ақ дайын өнімді құюға және сақтауға арналған ыдыстарды тапты.
Заңсыз айналымнан шамамен 7 мың литр сыра тәркіленді. Сонымен қатар өндірістік жабдықтар, кегтер және өнімді әрі қарай таратуға арналған ыдыстар да тәркіленді.