Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FlyArystan пауэрбанк тасымалдау ережелерін өзгертті

flyarystan ұшағы әуеде
Фото: go.flyarystan.com

7 мамырдан бастап FlyArystan рейстерінде портативті аккумуляторларды (power bank) тасымалдаудың жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа ереже бойынша, пауэрбанкті қол жүгінде тасымалдаудың белгіленген норма бойынша жүзеге асырылады.

“100 Вт/сағ дейінгі құрылғыларды шектеусіз тасымалдауға болады. 100–160 Вт/сағ арасындағы құрылғылар тек әуе компаниясының рұқсатымен, ал 160 Вт/сағ жоғары құрылғыларды тасымалдауға тыйым салынады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бір жолаушыға екіден артық пауэрбанк алып жүруге рұқсат етілмейді.

"Портативті аккумуляторларды тек қол жүгінде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Ұшақ бортында оларды қуаттауға және пайдалануға болмайды. Аккумуляторлар қысқа тұйықталудан қорғалуға тиіс", — деп атап өтті әуе компаниясы.

Еске салсақ, осыған дейін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) пауэрбанктерді тасымалдау және қолдануға қатысты жаңа ережелер енгізгенін жазғанбыз. Енді пауэрбанктерді тек қол жүгімен ғана алып жүруге болады, сондай-ақ олардың ұшақта қолданылуы қатаң шектелген.

Жаңа ережелер бойынша жолаушыларға пауэрбанктерді ұшақтағы электр ұяшықтарынан қуаттауға мүлде тыйым салынған. Сонымен қатар ұшақ көтерілуге немесе қонуға дайындалып жатқан кезде кез келген гаджеттерді қосуға болмайды. Бұл талаптар литий-иондық батареялардың өрт қауіпіне байланысты енгізілген.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 04 Мамыр, 2026 18:34