Әуедегі ұшақта пауэрбанк өртеніп, жолаушылар зардап шекті
Фото: istockphoto.com
Оңтүстік Корея әуекомпаниясына тиесілі ұшақ бортында шамамен 11 мың метр биіктікте пауэрбанк тұтанған. Салдарынан сегіз адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
SHOT мәліметінше, қауіпті оқиға Қытайдың Санья қаласынан Чхонджу қаласына бағыт алған Оңтүстік Кореяның T-Way әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-8 MAX ұшағының бортында болған.
Ұшақ 10,6 мың метр биіктікке көтерілген сәтте салондағы орындықтардың бірінен түтін шыға бастаған. Ұшқын шашып жанып жатқан пауэрбанк тез арада герметикалық контейнерге салынып, әуе кемесі рейсін жалғастырған.
Жанып жатқан аккумулятордың буын жұтып қойған бес жолаушы мен үш экипаж мүшесі қатты уланған, олардың үшеуі ауруханаға жеткізілді. Ұшақ бортында барлығы 38 адам болған, оның ішінде 32 жолаушы бар.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен