Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келінжан" сериалының жұлдызы Нұргүл Мыңғатова қызды болды

Нұргүл Мыңғатова
Фото: Видеодан скриншот

Танымал актриса, “Келінжан” сериалының жұлдызы Нұргүл Мыңғатова қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Сүйінші! Шиқылдағым аға болды, қарындасы аман-есен дүниеге келді. Біздің көптен күткен ханшайымымыз. Аллаға шүкір. Күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын. Кішкентай Балқия. Барлық құттықтауларыңызға рақмет”, – деді ол.

Актрисаның жазбасына қарасаң, ол қызын 30 сәуірде дүниеге әкелген.

Желі қолданушылары мен эстрада жұлдыздары актрисаны жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

“Ханшайымның бауы берік болсын”, “Бауы берік, салихалы ұрпақтан, көз қуанышы болсын”, “Тамаша. Құтты болсын, Нұргүлжан, қуаныштымын сен үшін”, “Тәтті балапанның бауы берік болсын”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Нұргүл Мыңғатова баласын не үшін ел алдына шығармайтынын айтқаны хабарланған еді.

Нұргүл Мыңғатова баласының суретін әлі күнге дейін еш жерге жарияламаған. Желідегі парақшасында ұлының бірде-бір суреті жоқ екен. Оның да себебін түсіндірді. 

"Бұйырса енді ғана есейіп, жігіт болып келе жатыр. Қазір жасы үштен асты. Мен үшін әлі кішкентай. Өзім кеш босанғаннан кейін аялап жүрмін. Шынымды айтсам, бәріне қызық, көргілері келеді. Кішкене өсіп алсын деп жүргенде жасы үштен асып кетіпті ғой. Қазір менімен сөйлесіп, өзіме ақыл үйрететін болды. Қазір оны видеоға түсіріп, контент түсіруге болады негізі. Бірақ басқа да ойым бар. Мүмкін бейнебаянда көрсетермін", – деді актриса жақында шығармашылығындағы жаңалықтың шетін шығарып. 

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 04 Мамыр, 2026 19:55