Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баламды бейнебаянда көрсетемін": Нұргүл Мыңғатова баласын не үшін ел алдына шығармайтынын айтты

“Келінжан” фильмі арқылы көпшілікке танылған Нұргүл Мыңғатова алғаш рет отбасы жөнінде сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Отандық киножұлдыз Динара Сәтжанға сұхбат беріп, қандай түсірілімге барса да, баласына уақыт табуға тырысатынын жеткізді. 

"Түсірілім біткен бойда көлік қайда деп балама баруға тырысамын. Құшақтап, мыжып-мыжып, жанында ұйықтап, келесі күні әңгімемді айтып, содан кейін ғана жұмысқа кетемін. Қазір ұлым енді үш жасқа келді, балабақшаға барып жүр. Өте қызық кезең екен", – деді актриса. 



Сондай-ақ Нұргүл Мыңғатова баласының суретін әлі күнге дейін еш жерге жарияламаған. Желідегі парақшасында ұлының бірде-бір суреті жоқ екен. Оның да себебін түсіндірді. 

"Бұйырса енді ғана есейіп, жігіт болып келе жатыр. Қазір жасы үштен асты. Мен үшін әлі кішкентай. Өзім кеш босанғаннан кейін аялап жүрмін. Шынымды айтсам, бәріне қызық, көргілері келеді. Кішкене өсіп алсын деп жүргенде жасы үштен асып кетіпті ғой. Қазір менімен сөйлесіп, өзіме ақыл үйрететін болды. Қазір оны видеоға түсіріп, контент түсіруге болады негізі. Бірақ басқа да ойым бар. Мүмкін бейнебаянда көрсетермін", – деді актриса жақында шығармашылығындағы жаңалықтың шетін шығарып. 

Еске салайық, "Мойнымда несием бар" деген актриса Нұргүл Мыңғатова "құтырып кетті" дегендерге жауап берді

Stan.kz
Дүйсенбі, 26 Тамыз, 2024 09:33