Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 18-20 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы сипат алатынын мәлімдеді. Елдің бір бөлігінде күн ашық әрі салқындау болса, батыс пен оңтүстікте жауын-шашын, найзағай және желдің күшеюі болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18-20 сәуір күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавиялық антициклонның әсерінен елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде салқын ауа райы сақталады. Дегенмен ауа массаларының ауысуына байланысты температура біртіндеп жоғарылайды.
Ал батыс пен оңтүстік аймақтарда тұрақсыз ауа райы болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік облыстардың таулы аудандарында жаңбыр аралас қар түсіп, жел күшеюі ықтимал.
Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсу қаупі бар. Температуралық көрсеткіштерге келсек, күндіз батыс, солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 15-23°C-қа дейін жылынады. Шығыста 10-18°C жылы болса, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 17–28°C аралығында болады.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін синоптиктер мамыр айында әдетте көктем кезеңі аяқталып, жазға өту басталатынын еске салды. Биыл мамыр айында орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 °C-қа жоғары болады деп болжанған. Сонымен қатар елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы 44°C-қа дейін көтеріледі деп жарияланды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен