Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qazaqstan Steel Group бұрынғы ArcelorMittal Temirtau нысандарының инвесторы болды

Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорындарының инвесторы атанды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арселор Миттал

“Qazaqstan Steel Group қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьевтің атынан Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен ArcelorMittalTemirtau активтерін сатып алу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді”, – делінген QARMET компаниясының ұсынған мәліметінде.

Мәміле шарттары бойынша QSG АМТ активтерін 286 млн-ға сатып алды, сондай-ақ жыл сайынғы төрт тең жарнамен төленетін 450 млн мөлшерінде кепілді кейінге қалдырылған төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, АМТ-ның өтелмеген топішілік қарызын төлеу ретінде мәміле жабылған кезде тағы 250 миллион доллар төленеді.

QARMET-те "Qazaqstan Steel Group" акционерінің ресми өкілі болып Талғат Темірханов тағайындалды.

Атап өтілгендей, инвестор 3 млрд астам инвестициялау бойынша міндеттемелерді өзіне алады, оның ішінде 1,3 млрд келесі жылы инвестицияланатын болады.



Ұлттық инвестор алдына мынадай міндеттерді қойып отыр:

- Қолданыстағы ұжымдық шартты және кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін сақтау;

- Өндіріс қауіпсіздігі мен экологиялық жағдай көрсеткіштерін түбегейлі жақсарту;

- Өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру;

- Шығарылатын өнім көлемін, номенклатурасын және түрлерін ұлғайту.

Еске салайық, компанияның акционері – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Кәсіпорын атауы QARMET деп өзгертіледі. Биліктің ресми ақпараты бойынша, АМТ Қазақстандағы нысандарды 286 миллион долларға сатқан.

Қазақстандағы АМТ нысандарын соңғы уақытқа дейін бақылаған Үнді инвесторы Лакшми Миттал өндірістік қуаттылықтардағы көптеген қайғылы оқиғалардан кейін жалпы жұртшылық пен ел басшылығының талабы бойынша кеткен. Соңғы осындай үлкен қайғылы оқиға 28 қазанда Костенко атындағы шахтада болды, онда жарылыс салдарынан 50-ге жуық адам қаза тапты.

Талқылау