Qazaqstan арнасында саяси партиялар арасында тікелей эфирде теледебат өтеді
"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы 2020 жылғы 22 желтоқсанда ҚР парламенті мәжілісінің сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үміткер партия өкілдері Ұлттық арнаның "Ашық алаң" бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрып, сайлаушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді.
Теледебатқа "Қазақстан Халық партиясы" атынан Ғазиз Құлахметов, "Nur Otan" партиясынан Айдос Сарым, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, "ADAL" саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.
Теледебат 22 желтоқсан, сағат 20:30-да тікелей эфирде өтеді.
Дауыс берушілер тікелей эфирдегі 8 (717) 2 75 71 71, 8 707 697 62 04 (WhatsApp) нөмірлері арқылы сауал жолдай алады.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан