Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып Германияда ұсталған қазақстандық экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдіктелінуде», – делінеді ведомство хабарламасында.
Бас прокуратураның мәліметінше, Бақты Ибрагим 2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде 50 миллиард теңгені және 83 миллион АҚШ долларын жымқырған.
Сонымен қатар, аталған қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып қалғаны, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланғаны атап өтіледі.
Қазіргі уақытта Бақыт Ибрагим Астана қаласындағы тергеу изоляторында.
Естеріңізге сала кетсек, белгілі кәсіпкер Бақыт Ибрагим 23 сәуірде тұтқындалған еді.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр