Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qazaq Air-ді вьетнамдық компанияға сату жоcпарлануда

Көлік министрлігі Qazaq Air әуе компаниясының вьетнамдық арзан әуе компаниясына сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вьетнамдық инвестор 10 миллиард теңгеге отандық әуе тасымалдаушыны сатып алып, компанияның қарыздарын жабуы керек. Мәміле жүзеге асса, қазақстандық әуе кемелері паркі жаңа 50 ұшақпен толығады. Олар ішкі рейстерді де, халықаралық рейстерді де орындайды.

Министрлік әуе қатынасы нарығындағы бәсекелестікті арттыруға мүдделі екенін атап өтті. Алайда жаңа тасымалдаушы пайда болғаннан кейін билеттер бағасы төмендей ме, жоқ па, департамент нақты жауап бермеді.

“Билет құны нарыққа байланысты. Нарық жанар-жағармайдың бағасына және логистика мен ұшақтардың қосалқы бөлшектерінің құнына байланысты қалыптасады. FlyArystan арзан әуе компаниясы емес дегеніңізді естідім, кейбіреулер үш-төрт ай бұрын сатып алу керек дейді. Бірақ қазір қарасаңыз, 10 күн бұрын Астанадан Алматыға билетті 12 мың теңгеге сатып алуға болады”, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Еске салайық, бұған дейін "Самұрық-Қазына" "Qazaq Air" әуе компаниясын сата алмаған еді. Сондай-ақ Астана әуежайы бір жыл бойы БАӘ инвесторының бақылауында болатыны айтылды.

Талқылау