QARMET компаниясының басшылығы көмір өндіретін комбинаттарды аралады
Өткен демалыс күндері QARMET компаниясының басшылығы көмір өндіретін активтер мен комбинат жұмысының қазіргі жағдайымен танысуды бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qarmet_news Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Акционер бастаған топ "Шахтинская" тау-кен учаскесіне барып, шахта астын өз көздерімен көрді.
Сондай-ақ "Казахстанская" шахтасының инженерлік-техникалық қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және көмір өндіру нысанын өндіріске шығару мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Акционер комбинаттағы металлургтер қызметінің қазіргі жай-күйін, өндірістегі проблемалармен танысып қана қоймай, оларды шешу жолдарын қарастырды.

"QARMET нысандарын тексеру жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұйымдық міндеттермен бірге көптеген жылдар бойы есерілмей келген. Техникалық қамтамасыз ету желісі бойынша жергілікті жерлерде сұрақтар бар екенін атап өткен жөн. Жақын арада Теміртау қаласының құқықтық тәртібін қорғау үшін, Саран, Шахтинск және Абай қалаларының жедел жәрдем қызметтеріне уақтылы ден қою үшін мамандандырылған көлік берілетін болады", - деп атап өтті QARMET ресми өкілі Талғат Темірханов.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"