Қарағандының болашақ экопаркіне тағы 500 көшет егілді
Қарағандыда аумағы 200 гектардан асатын экопарк құру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай мұнда “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында тағы 500 көшет отырғызылды.
Экологиялық акцияға студенттер, волонтерлер, сондай-ақ "Талдау мектебінің" қатысушылары мен түлектері атсалысты.
“Экологиялық акцияға қаламыздың табиғатына бейжай қарамайтын тұрғындарды, студенттер мен волонтерлерді шақырдық. Осындай игі бастамалар адамдарды ортақ іске жұмылдырып, қаламыздың жасыл желегін көбейтіп, оны жайлы әрі көрікті етуге мүмкіндік береді”, — деді Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ардана Марзанова.


“Таза Қазақстан” — Мемлекет басшысының аса маңызды бастамаларының бірі. Бес жылдан кейін осы жерге қайта келгенімізде, мұнда тұтас бір орман бой көтереді. Сол кезде осы саябақтың іргесін қалауға өз үлесімізді қосқанымызды мақтанышпен айтатын боламыз”, – деді Мәулен Әшімбаев.

“Бұл — өз қолыммен отырғызған алғашқы ағашым. Сондықтан мен үшін оның орны ерекше. Бүгін біз қаламыздың көркейіп, абаттануына ғана емес, оның болашағына да өз үлесімізді қосып жатырмыз. Жастар осындай игі бастамалардан шет қалмай, белсенді араласуы керек деп ойлаймын. Өйткені бұл қалада өмір сүріп, оны одан әрі дамыту — біздің еншіміздегі міндет. Уақыт өте келе бұл саябақ қала тұрғындары серуендеп, тынығатын жасыл әрі жайлы мекенге айналатынына сенімдімін”, — дейді Максим Федкевич.

Сол кезде оның аумағына емен, алма, қарағай және қарағаштың 4 мың көшеті отырғызылды.

Қазір отырғызылған ағаштардың басым бөлігі жерсініп, тамыр жайды. Оларды тұрақты суару үшін аумақта тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Экопаркті абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар