Қайрат Андерлехттен есе жіберді
Алматылық “Қайрат” бельгиялық “Андерлехттен” 3:0 есеп айырмасымен жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Екі клуб Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің соңғы турында Алматыда кездесті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ “Андерлехт” клубы сенімді шабуыл жасап, 2-минутта бұрыштамадан гол соқты. Кейін 24-минутта Лукаш Амбриос есімді “Андерлехт” ойыншысы “Қайраттың” орғаныстағы қателігін сәтті пайдаланып, екінші голын соқса, 46-минутта Даниил Сикан 3-голды соқты.
Ойыннан кейін “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин пікір білдірді. Жаттықтырушының сөзінше, ойыншылар дөрекі қателіктер жіберді.
“Жауапты ойында не істеу керектігін бізге жақсылап ойлану керек. “Аспандағы тырнадан қолдағы шымшық артық” демекші, алдағы уақытта біздің ауыр жол мен чемпионаттағы ауыр матч күтіп тұр. Дәл қазір сіздерге қалай ойнайтынымызды айта алмаймын”, – деп жауап берді Уразбахтин баспасөз-мәслихатында.
Айта кетейік, “Қайрат” футбол клубы 27 тамызда Бельгияда жауапты матчын өткізеді. Егер жеңілген жағдайда клуб Конференция лигасына жолдама алады.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады