Пэрис Хилтонның визажисті “қуыршақ” кейпіндегі қазақ қыздарын сынап тастады

Сардар Камбаровты көпшілік әлемдік деңгейдегі шебер ретінде таниды! Голливудтық һәм Ресейлік жұлдыздардың визажисті болған мезетте атағы шарықтаған-ды. Дегенмен, дәл сол Пэрис Хилтон, Патрисия Каас және Кристина Агилералармен қоян қолтық іс атқарған сәттердің қиын болғанын жасырмайды.

барби пэрис

Суретте: американдық актриса Пэрис Хилтон мен қазақстандық “барби” Динара Рахымбаева. Коллаж: Stan.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Жұлдыздардың мінезіне төзу оңай шаруа емес! Себебі, басым бөлігі қыңыр, тәкаппар! Макияж бен шаш үлгісін жарты сағатта аяқтап шығу қажет! Оның үстіне, сапалы әрі әдемі жұмыс жасалуын талап етеді”, – дейді Сардар.

Сондықтан, ол сұлулыққа құштар жандарға шеберлігін меңгертемін деп шешкен. Күнделікті күйбең тірлікті опа-далап бұрымдылардың табиғи сұлулығын айшықтай түсетін құрал ғана деп түйіндейді ойын.

“Қазақ қыздарының бет пішімі жалпақтау, бидай өңді және қысық көзді келеді екен. Мұндай әлпетті аруларға макияждағы барлық техника жарасымды. Дегенмен, қуыршақ бейнеден арылатын кез жеткен сияқты. Нюд стиліндегі мэйк-ап олардың табиғи сұлулығын одан әрі айшықтайды. Дегенмен, бұл техника қарапайым макияждан әлдеқайда қиын”, – дейді әйгілі Пэрис Хилтонның әрлеушісі.

Париж, Лондон, Милан мен Нью-Йорк подиумдарының басты бьюти тренді де — табиғилық! Бірақ, жасанды кірпік, боялған қас пен баттасқан опа-далапқа бой үйреткен біздің сылқымдар бұл жаңашылдықты қалай қабылдар екен?

“Сәннің жетегімен түрлі тәжірбие жасау тым жас сәнбикелер мен асқан сұлу бойжеткендерге ғана жарасымды. Сондықтан, қыз-келіншектер ең бірінші бет терісінің саулығы мен шаш күтіміне мән беруі қажет”, – дейді Сардар.

Бьюти өндірістегі маст-хэвке еріп, қажетті-қажетсіз косметикалық құралдардың бәрін жинауға жанталасып, қалтаны жұқарту әбестік! Визажисттің пікірінше, әр сылқым бет-пішіні мен терісінің ерекшелігін назар алып, бірнеше опа-далапты ғана еншілуі тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай заманауи қазақтарды “жалқау әрі тойымсыз” деп атады

Татуласқан Тимати мен Киркоров махаббат қаласына аттанып кетті (видео)

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Бағым Мұхитденова танылып алып, өзін менсінбей кеткен шәкіртіне ренжулі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр