Путин шілдеде Астанаға келеді
Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Ресей басшысы Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуде айтты.
"Жақында біз Астанаға барамыз, онда ШЫҰ саммиті және басқа да шаралар болады, мені шақырды, шақыруды қабыл алдым", –деді Владимир Путин.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті 3-4 шілдеде өтеді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымын қарастырады.
"Форумға бақылаушы елдердің басшылары мен диалог бойынша серіктестер қатысады деген болжам бар", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Путиннің баспасөз қызметінің қызы Қазақстаннан ЖСН алғаны айтылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"