"Путин, Назарбаев, Тоқаев": Нұртас Адамбаев бірқатар шенеуніктерден кешірім сұрады
Отандық кинопродюсер, актер Нұртас Адамбаев кезінде өзі сынаған саясаткер, ірі шенеуніктерден кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/nurtasadambay/
Өнер иесі жеке парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Беларусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.
“Ақымақ болып, сіздердің жүргізіп отырған саясаттарыңызды сынаппын. Еліміздің болашағы үшін еңбек етіп жатсыздар! Владимир Путин, сіздің саясатыңызды сөз еттім. Мені кешіріңіз. Отбасылық құндылықты сақтап, пропаганданың жолын жаптыңыз. Александр Лукашенко Беларусь халқы үшін аянбай тер төктіңіз және қызмет етіп жатырсыз. Әлеуметтік желіде сіз туралы артық нәрсе жазсам, мені кешіріңіз”, – деп жазды актер.
-
"Ел намысын қорғаймын!" деген сөзге алданып қалмаңдар!": Нұртас Адамбай қазақстандықтарға шағымданды
Сонымен қатар әзілкеш желі қолданушылардан да кешірім сұрады.
"Мен желіде сөз таластырып, санасып, сынап, жамандық тілеген желі қолданушылардан да кешірім сұраймын. Осы өмірде кіммен арада келіспеушілік болса, солардың барлығынан кешірім сұраймын. Сіздерді сынап, сіздерге қатысты жағымсыз ойларым болғаны үшін кешіріңіздерші. Бұның барлығы ақымақтықпен істелді", – деп жазды Нұртас Адамбай.
Фото: https://www.instagram.com/nurtasadambay/
Еске салайық, актер Нұртас Адамбай намазхандарды алаяқ деп айыптаған Ринат Зайытовқа шүйліккен еді.