Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады
Ресей президенті Владимир Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путиннің жарлығында "Ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерін жақындастыру және өзара байытудағы жемісті қызметі үшін Пушкин медалімен марапатталсын" деп жазылған.
Құжатқа сәйкес, ресейлік медальмен "Астана Опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Валерия Крымская, Л.Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, "Славяндар" қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова марапатталды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"