Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Психиатриялық есепте тұрған": Петропавлда мектепке суық қару алып келіп, оқушыларға жарақат салған бала жайлы тың ақпарат шықты

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы 13 ақпан күні сағат 7.50-де Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы сабаққа балта мен пышақ әкеліп, балаларды жарақаттағанын растады. Ол екі ұл мен бір қыз балаға жарақат салған. Зардап шеккендер тоғызыншы және оныншы сыныптарда оқыған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петропавл мектеп

Оқиға орнында түсірілген сурет

Қазіргі уақытта екі жасөспірім басы мен білегінен пышақ жарақатымен балалар ауруханасында жатыр, үшіншісі оқиға орнында медициналық көмек алған. Мектепте тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мектеп оқушыларына шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді.

"Полицейлер кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы 14-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психиатриялық есепте тұрған. Сотқа дейінгі тергеу аясында жасөспірім мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген полиция ақпаратында.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысының мектепке балта мен пышақ алып келіп, бірнеше оқушыны жарақаттағаны белгілі болған.

Талқылау