"От тисе, қаламның сиясы жойылып кетеді": Прокуратура Жетісу облысында сайлау кезінде түсірілген видеоны тексереді (видео)
Прокуратур Жетісу облысындағы сайлау кезінде түсірілген видеоны тексереді. Видеода жергілікті белсенді сайлауда қолданылған қаламның сиясы от тисе жойылып кететін айтқан. Ал әкімдік бейнежазбаның тек хайп үшін түсірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белсенді видеоның Қаратал ауданы Үштөбе қаласында өткен әкім сайлауы кезінде түсірілгенін айтады.
Жергілікті блогердің бейнежазбасына қатысты қала әкімдігі пікір білдіріп, мұны блогердің өз атын шығару жасағанын жеткізген.
"Бейнежазбаға қатысты сараптама жасалады, дегенмен видеоны автор арандату және хайп үшін әдейі түсірді деген күдік бар. Аталған залда екі камера, ал мектепте тағы жиырма камера орнатылған.
Видеодағы қаламды автор өзі алып келуі мүмкін. Ол басқа қаламдарға ұқсас, көк түсті. Аталған дерек бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады. Анық-қанығы кейінірек жарияланады", – деді Қаратал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі