Продюсер Алуа Қонарова үшінші рет күйеуге шықпақ болғанын айтты
Танымал продюсер Алуа Қонарова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманға жеке өміріне қатысты құпиясын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ашық дереккөзден
Алуа Қонарова желіде суреттер жинақталған бейнежазба жариялады.
“Instagram осындай reеls жасап шығарды. Бұл менің кезекті мәрте тұрмысқа шығайын деп жүрген кезім. Бірақ соңғы сәтте айнап қалдым. Суреттерді сол адам түсірген”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары оған қолдау білідіп, қошемет сөздер жаудырды.
“Алуа, бақытты болыңыз. Сіз лайықсыз”, “Оның суретке түсірген ұнамағандықтан бетін қайтардың ба?”, “Өзің армандаған ер азамат жолығады”, “Әйел бақытын тілеймін”, “Тұрмысқа шыққан, шықпағаныңыз маңызды емес. Сіз өте мықты әрі адал жансыз. Бақыт тілеймін”, – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Алау Қонарова екі рет қырғыстандық азаматпен некеде болған. Алғаш рет 20 жасында тұрмысқа шықса, екінші күйеуімен азаматтық некеде тұрған.