Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Президенттің алдында сөзімізді ұмытып қалдық": Нұржан Керменбаев сахнадағы қызық оқиғасын айтып берді

Соңғы кезде жеке дара ән салып, дуэт айтпай жүрген өнер жұлдыздарының бірі – Арнау тобы. Әнші Нұржан Керменбаев пен актриса Салтанат Бақаевдан құралған топ жаңаша бағытта ән жаздырмақшы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұржан Керменбаевтың айтуынша, дуэт болып ән айту экс-президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа да ұнайды екен.

“Бір күні Президент әкімшілігінен хабарласып, президенттің қатысуымен өтетін жабық кешкі аста өнер көрсетесіңдер деді. Біраз өнер жұлдыздарының қатысуымен екібөлімдік концерт өтті. Бірінші бөлімде өзіміздің репертуарымыздағы әндерді айттық. Ол қиынға соқпады. Келесі бөлім – президенттің сүйікті әндерін айту. Бізге “Ақтамақ-Әпитөк” деген әні түсті. Астанаға жеткенше сөзін жаттап, дайындалып, әнді әрлеп, жанды дауыста енді салайын деп жатқанда сөзін ұмытып қалдық. Салтанат еш саспастан:”На-на-на” ырғағына салып айтып шықты. Бір қызығы ешкім күлген жоқ. Бәрі тыңдап отырды. Ән аяқталғанша екеуміз де “на-на-на” деп ыңылдап айтып шықтық. Екеуіміздің қатар ұмытып қалуымыз мүмкін емес еді. Елбасының мысы басқан болар деп ойлаймыз. Ол оқиғаға да біраз жыл өтіп кетті”, – деп еске алады әнші.  

Қос әншінің айтқанына оқырмандары күліп жатса, бірі: “Енді сендерді шақырмайтын шығар”, – деп әзілдеп жатыр. 

Талқылау