Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Президент жаңа Рим Папасын сайлануымен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады.

“Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін”, – деп жазылған жеделхатта. 

Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Еске салсақ, 7 мамыр күні Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау үшін конклав басталған еді. Бірінші және екінші турда конклав жаңа Папаны сайлай алмай, сәрсенбі күні кешке және бейсенбі таңертең Сикстин капелласының мұржасынан екі рет қара түтін шықты. 

Келесі күні жаңа Рим папасы сайланды.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 09 Мамыр, 2025 08:31
Талқылау