Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді
Назарбаев зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді. Бұл жайлы БАҚ өкілдерімен кездескенде айтты.
“Біздің зейнетақы бойынша тәжірибеміз болған жоқ. Басқалардың тәжірибелерін зерттей бастадық. Зерттей келе Чилидің тәжірибесін алдық, бұл Григорий Марченконың қызметі кезінде болды (ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы). Осы тәжірибені енгіздік. Сол кезде жеке компаниялар зейнетақы қаражатын өзінің үлестес компанияларына, үлестес тұлғаларға бере бастады. Жазалап, қаражатты қайтаруға тура келді. Осы қаражаттың бүтіндігін сақтап қалу үшін мемлекетке қайтардық”, – деді Назарбаев.
Назарбаев бұл мәселені мемлекеттің реттейтінін атап өтті.
“Қаражатты қайда құюды мемлекет шешеді. Зейнетақы қаражаты айналымда болып, пайда алып келуі керек. Бұл зейнеткердің өзіне пайдалы ғой. Сондықтан қаражатты игеруді жеке тұлғаларға беруді дұрыс деп есептемеймін. Әзірше осылай орталықтандырамыз, орталық банк, мемлекет бұл жинақтың сақталып, көбейе түсуіне жауапты”, – деді мемлекет басшысы.
“Мысалы, Норвегияда жақсы тәжірибе бар – олар зейнетақы қаражатын ұлттық қормен біріктіреді, біздегідей. Бірыңғай қор болды, ол халыққа, бәріне сенімді. Осы тәжірибені біз де алуымыз мүмкін. Осы жолда, бірақ мемлекет бұл қаражатты бақылаудан шығармауы тиіс. Мен осыны түсіндім. Қандай жағдай болса да мемлекет зейнеттегі зейнеткерлердің қаржысына жауапты”, – деді Қазақстан Президенті.
Тағы оқыңыз:
Үйге барар жол: оралман Қытайдан Қазақстанға дейін трактормен бір апта жүріп келді
Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес
Полицейлер жұмыс арасында құстар сайрап тұрған бөлмеде, арнайы кереуетте ұйықтап алатын болды
Назарбаев Фурманов көшесінің атауы туралы: мұның барлығы бос әурешілік