Президент Тоқаев Астанадағы мектепте баспалдақтан құлаған оқушының оқиғасына қатысты пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мектептегі қауіпсіздік туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, мектепте балалар өздерін жайлы сезінуі тиіс.
“Бөгде адамдардың мектепке кіруіне жол беруге болмайды. Сондықтан білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Жақында Астана мектептерінің бірінде оқыс оқиға болды. Оқушы ауыр жарақат алды. Бұл жағдай білім ошақтарында қауіпсіздік талаптары толық сақталмайтынын көрсетіп отыр. Әсіресе, көп жыл бұрын салынған ескі мектептер талапқа сай емес”, – деді ол.
Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің қауіпсіздігін толық тексеретінін мәлімдеді. Сондай-ақ жаңа мектептердің жобасына мұқият мән беруді тапсырды.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”