Президент стипендиясы: оны кімдер ала алады және көлемі қанша?
Биылғы жоғарғы оқу орны студенттері мен магистранттарына тағайындалатын Президент стипендиясы ашық талқылауға шығарылды. Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығында бұл қаржылай қолдау 4 министрлік арасында бөлінген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады. Ерекшелігі – бұл стипендияны алу үшін университетте грантта оқу міндетті емес. Қаржылай қолдауды ақылы бөлім студенттері де ала алады. Әрі оқу жылының бір семестрі бойы төленеді. Стипендия ректор бұйрығымен беріледі.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы “Ашық НҚА” порталында 20-шы наурызға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Сондай-ақ 2023 жылға жоспарланған Президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді. Яғни:
- Мәдениет және спорт министрлігі – 24 бакалавр және 1 магистратура студентіне;
- Денсаулық сақтау министрлігі – 6 студентке;
- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 45 студентке;
- Ғылым және жоғары білім министрлігі – 1005 бакалавр студентіне және 7 магистрантқа тағайындайды.
Биылғы Президент стипендиясының мөлшері бакалавр үшін 73 320 теңге болса, магистранттарға – 173 974 теңге.
Талқылау

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"