Президент коронавирусқа қатысты Қазақстан халқын сабырға шақырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазба жариялап, Қазақстан халқын сабырға шақырды.

«Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда.
Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Біз #Birgemiz »,-делінген жазбада.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"