Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлығында жанармай бағасы бізден жоғары". Президент бензин мен дизель отындарының қымбаттауына пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармайдың қымбаттауы мәселесіне пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел Президенті тарифті көтеру нарықты ретке келтірудің бір жолы екенін айтты. Әрі бұлай істемесе қалалар мен ауылдар инфрақұрылымсыз қалатынына тоқталды. Ал бағаның көтерілуінен түскен қаржыны тікелей сол кемшіліктердің орнын толтыруға жұмсау керек деп отыр. 

“Барлығында жанармай бағасы бізден жоғары. Жанар-жағармайдың бағасын көтеруден түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қажет. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек. Сондықтан Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекетке төленетін салықты арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Жалпы, тариф саясаты бойынша Үкіметке тауарлар мен қызметтерді реттейтін “тұтынудың әлеуметтік нормасын” енгізу мәселесін пысықтауды  тапсырамын. Бұл – халықаралық тәжірибе”, - деді Президент. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайтынын атап өткен еді.

Талқылау