"Халқымыздың біртуар перзенті": Президент Әлихан Бөкейханов туралы сөз қозғады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қоғам қайраткері, "Алаш" қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мерейтойларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Олардың арасында Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155 жылдығы да болды.
- "Абай шығармалары Әлихан Бөкейхановтікі болуы мүмкін": Зәуре Батаева ұлы ақынның жұмбағы туралы айтты
- "Бұрындары қазақ қыздары күйеусіз қалмаған": Қазақтар қыздың оң босағада отырып қалмауын қалай қадағалаған, жарды қалай таңдаған?
Әлихан Бөкейханов - қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және Көшбасшысы, Тұңғыш Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Ол өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды