Президент 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті рет жолдау жариялайды
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет қазақстандықтарға жолдау жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жоспарланған.
"Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деп жазды Берік Уәли.
Қазақстанда 2021 жылға арналған АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері жоспарланды
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған