Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр "Алтын Орда" базарындағы жол айрығы туралы: Осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет

Премьер-министр Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында "Алтын Орда" базары маңындағы көлік айрығымен танысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамин

Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.

"Көлік айрығын осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысы арасындағы көлік қатынасын жақсартады", — деді Мамин.

Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді, негізгі магистральдық эстакаданы, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасын, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды көздейді.

Сондай-ақ премьер-министр қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді.

Қазіргі таңда метрополитеннің бірінші желісінің жұмыс істеп тұрған 9 метро станциясына қосымша "Сарыарқа", "Достық" және "Қалқаман" станциялары салынып жатыр.

Осы жылдың соңына дейін "Сарыарқа" және "Достық" станцияларында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, техникалық іске қосу жоспарланған. Мамин 2022 жылдың I тоқсанының соңына дейін іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау және станцияларды пайдалануға беруді тапсырды.


 

Талқылау