Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресейге барады
Наурыз айында Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәскеуде Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді.
“Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды”, – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.
Бұған дейін үкімет отырысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов шенеуніктердің форумдарға қатысуына, зерттеулер мен іс сапарларына бөлінетін қаражатты қысқартуды тапсырған еді.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
