Премьер-министр азаматтардың дербес мәліметтері таралып кеткені үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды
Фото: pixabay.com
Үкімет отырысында премьер-министр телефон және интернет алаяқтық жағдайлары көбейіп жатқанына және олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалатынына назар аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет. Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуға тиіс", – деді премьер-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 16 миллионнан астам азаматтың жеке деректері желіге тарап кеткенін хабарлаған едік. Премьер-министр Олжас Бектенов 16 млн қазақстандықтың жеке дерегі медициналық ұйымдардан тараған болуы мүмкін екенін айтқан.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді