Премьер-министр: 40-тан аса компания мен 550 нысан мемлекет меншігіне қайтарылады
Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау бойынша жұмыстар аясында бірқатар компаниялардың мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің сөзінше, Кешенді жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі жоспарына 721 ұйым қосылған. Қазіргі уақытта жоспар 40%-ға орындалған.
"Экономиканы демонополизациялау бойынша комиссия жұмысының нәтижесінде республика меншігіне 40-тан аса компания мен 550 мүлік нысаны қайтарылды", – деді Смайылов.
Сонымен қатар елде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын қосып өтті.
"6%-бен жеңілдетілген несиелендіру құралдары кеңінен қолданылуда. Мемлекеттен көмек алатын бизнеске жаңа жұмыс орындарын жасау бойынша талап қойылды. Несиелендірудің максималды сомасы 7-ден 3 миллиардқа дейін төмендетілді. Бұл шағын және орта бизнес нысандарын көбірек қамту үшін жасалған", – дейді премьер-министр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан