Пойызда баласын ұрып-соққан жолаушыға үш айып тағылды
3 қарашада Қарағандыдан Самараға кетіп бара жатқан пойызда қызын ұрып-соққан жолаушыға үш айып тағылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz cайтына сілтеме жасап.

Telegram-дағы Egov.press арнасында шыққан видеоның авторы жолаушы ішіп алғанын айтады.
“Ішіп алған ана қызын ұрып-соғып, екі кішкентай баласына айғайлап жатты. Қыз бала еңіреп шешесін пойыздан түсіріп жіберуді өтінді”, — дейді оқиғаға куә болған жолаушылар.
Көліктегі полиция департаменті жолаушы кім екенін анықтап, үш айып таққан: қоғамдық жерде алкоголь ішу, ұсақ бұзақылық және кәмәлет жасына толмағандарды тәрбиелеуге қатысты міндетті орындамау.
Іс Астана сотына жіберілген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған