Полиэтилен пакетке орап тастап кеткен: Риддерде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды
Қоқыс жәшігінде жатқан кішкентай нәрестені қала тұрғындары тауып алған. Ол полиэтилен пакетке оранған күйі жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының полиция департаменті 17 желтоқсан күні түскі уақытта Корчагина көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын хабарлады. Полиция дерегінше, бала полиэтилен пакетке оранған күйі жатқан.
- Алматыда жаңа туған нәрестелер саудаға түскен: Жантүршігерлік ақпараттар жарияланды
- Маңғыстау облысында 42 жастағы әйел бала сатпақ болған
“Аталған факті бойынша Рудный қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – деді өңірдің полиция департаменті.
Қазір жергілікті тәртіп сақшылары аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны анықтау үшін қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"