Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полициямен сөз байласып, мефедрон алуға көндірген": Іздеуде жүрген қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан елге қайтарылды

Психотропты заттардың айналымын заңсыз жүзеге асырып, көмек көрсеткен және қылмысқа үгіттегені үшін қазақстандық әйел Оңтүстік Кореядан сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, бас прокуратурамен бірлесіп, ішкі істер министрлігі мен интерполдың көмегімен Корея Республикасынан халықаралық іздеуде жүрген күдікті Ж қазақстандық құқық қорғау органдарына қайтарылды. 

"Ол психотропты заттардың заңсыз айналымын жүзеге асырып, көмек көрсетті және қылмысқа үгіттеді деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, 2022 жылы күдікті Түркістан облысы полиция қызметкерлерімен сөз байласып, жергілікті тұрғынды белгісіз адамдардан психотроптық зат – мефедрон алуға көндірген. Биыл 29 наурызда ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы мен жедел уәкілі анықталып, үйқамаққа алынды", – деді Бегайдаров.

Осы іске күдікті тағы бір әйел ұсталып, Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтарылған. 

Айта кетейік, бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте "Cola" сусынынан 90 литрден астам еріген есірткі табылғанын хабарлаған еді. 

Талқылау