Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде телефонды тексере ала ма? Заңгер түсіндірді

Алматыда төтенше жағдай енгізілген соң кейбір тұрғындар әлеуметтік желіде полиция мен құқық қорғау органдары телефондарын тексергенін айтып, шағымданып жатты. Шын мәнінде тәртіп сақтау қызметкерлері ұялы телефон тексеруге құқылы ма? Заңгер Джохар Өтебеков кеңестерін бөлісті.

Адвокат ТЖ-ның аяқталуына екі күн ғана қалса да, тұрғындар телефондарын тексеріп жатқан гвардия және патруль қызметкерлерінен қорқатынын жеткізді. 

Ол мынадай әрекеттер ТЖ кезінде заңсыз екенін айтты. 

“Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі тергеушіден құпия деректер сақталған заттарды алуға тергеу судьясының санкциясын талап етеді. Ұялы телефон бұл тізімге кіреді. 

Телефон сіздің интимдік фотосуреттеріңізді, корпоративтегі видеоларды, көңілдесіңізбен хаттарды, Kaspi.kz-тен алынған қарыздарыңыз туралы мәліметтерді сақтайды. Конституция оларды сіздің жеке өміріңіздің, хат алмасудың, телефон әңгімелерінің және банк салымдарының құпиясы ретінде қорғайды”, – дейді Джохар Өтебеков.


"Телефонға түсіргені үшін ұстап әкеткен": Республикалық адвокаттар алқасы митингіге шыққан азаматтарды тергеу қалай жүріп жатқанын айтты


Оның сөзінше ТЖ туралы заң бойынша төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері адамдарды тексере алады. Бұл ретте олар тиісті жағдайлар бойынша әрекет ету керек. 

“Бұл жағдайда полиция сізден тек қару мен ұрланған заттарды іздей алады. Телефоныңыз алып, тексере алмайды. 

Осы кезде біз "бейбіт уақыт" кезіндегі заңға ораламыз. Сізден телефонды алуға тек тергеуші құқылы және оған соттың санкциясы керек”, – дейді ол.

Сондай-ақ, адвокат жалпыға бірдей тиімді болатын кеңес берді.

“Егер полиция сіздің құқығыңызды бұзса, 102 нөміріне қоңырау шалып, олардың басшыларын табуға тырысыңыз. Компьютер тауып алыңыз, прокуратураға шағымданыңыз”, – деді заңгер.

Еске салсақ, ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне азаматтардың шағымдары үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялаған болатын. Бұған қоса министрлік азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сондай-ақ қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдеді.

Талқылау