Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкері қаруланған ер адамнан отбасын құтқару кезінде қаза тапты

Қостанай облысында өз отбасын пышақтамақшы болған қаскөйдің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

полиция

19 қаңтарда Тобыл қаласында 102 нөміріне Комсомольская көшесінде орналасқан үйде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Полиция экипажы оқиға орнына алты минутта жеткен. 

Полиция сержанттары Дархан Базарбаев және Амангелді Сыздықова шағымданушыдан 28 жастағы Тобыл тұрғыны мас екенін және отбасын өлтіремін деп қорқытқаны туралы естіди. Үйге пышаққа кеткенде туыстары оны үйге сыртынан қамап тастаған. Осы уақытта полиция да келіп жетіпті. 
Ер адамды ұстау кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатын алған. Бір отбасын құтқарып қалған полиция өзінің жарақатын кейіннен біледі. Жедел жәрдем жеткенше Дархан Базарбаев қайтыс болып кеткен. Артында төрт айлық баласы қалды. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды, ҚР Қылмыстық Кодекстің 99 бап, 2 бөлім бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. 
Жұмысын атқару кезінде қаза тапқан Қостанай облыстық полиция бөлімінің сержанты Дархан Базарбаевтың өліміне Қостанай облыстық полиция департаментінің қабырғасы қайысты. 
 

Талқылау