Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкері жасөспірімнен электронды темекі шеккені үшін ақша сұраған: Жігіт инсульт алды

Бішкекте полиция қызметкері көшеде жасөспірімнен электронды темекі шеккені үшін бопсалап ақша сұраған. Салдарынан жігіт инсульт алып, ал қызметкер оны көшеде тастап кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: 24.kg

Деректерге сүйенсек, ІІМ Күзет қызметкері Юнусалиев пен Суеркулов көшелерінің қиылысына жақын жерде электронды темекі шеккен жасөспірімді көріп, ақша талап еткен. Ол кәмелетке толмағанды жауапқа тартамын деп бопсалаған.

"Полиция қызметкері С.Б. жасөспірімді банкоматтан ақша алып беруге мәжбүрлеген. Моральдық-психологиялық қысымның салдарынан жасөспірім есінен танып, құлады. Ал қызметкер оны тастап, кетіп қалған. Кейінірек кәмелетке толмаған С.Ю ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Оған геморрагиялық инсульт диагнозы қойылды", – деп түсіндірді Бас прокуратура.



Қазір лауазымдық жағдайды теріс пайдалану және оны қауіп-қатерге қалдыру туралы баптар бойынша істер қозғалған. Құқық қорғау органдары полицейді ұстап алып, оны Бішкек уақытша ұстау изоляторына алған. 

Талқылау