Таразда 15 жастағы қызды жездесі бір жыл бойы зорлап келген
Таразда 15 жастағы қызды бір жыл бойы жездесі зорлап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Оқиға қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда кәмелетке толмаған қыз әлі күнге дейін іс бойы жәбірленуші деп танылмаған, ал күдікті бостандықта жүр.
Қыздың анасының айтуынша, қызы үнемі әпкесінің үйіне барып, кішкентай балаларына күтім жасауға көмектесіп жүрген. Сол уақытта зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды.
"Мен мұны келінімнен естідім, менің қызымды жездесі зорлап келген. Қызым үндемеген, бірақ ақырында әпкесіне айтқан. Естігенде шок болдым. Біз дереу облыстық ауруханаға барып, тексеруден өттік, күдіктеріміз расталды", — дейді қыздың анасы.
Әйел полицияға қаңтар айының соңында шағымданған. Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған қызды заңды өкілінің қатысуынсыз тергеген.
"Біз полицияға хабарласып, тергеу басталды. Алайда тергеу барысына көңілім толмайды: менің қызымды полиция бөлімінде педофилмен жалғыз қалдырған, қызым дірілдеп, жылап тұрды. Мен мұны білмедім. Екі күннен кейін бізді шақырды, күйеу баламыздың үйіне барып, қызым не болғанын көрсетті. Бірақ бала әлі күнге дейін жәбірленуші деп танылмады, ал басты күдікті бостандықта жүр. Мен отбасым мен балаларым үшін қорқамын. Президенттен бұл істі бақылауға алып, кінәлі адамды жазалауды сұраймын", — дейді әйел.
Күдікті туыстарын араға салып жәбірленушінің анасын қорқытып, өзіне қол салатынын айтып қоқан-лоққы жасаған көрінеді.
"Біз күдіктіні қамауға алуды сұраймыз, сондай-ақ жәбірленушінің отбасы үшін қорғаныс шараларын талап етеміз. Іс аудандық бөлімнен Тараз қаласының полициясына тапсырылды", — деді отбасының адвокаты Алия Арзымбетова.
Аталмыш іске қатысты қалалық прокуратура мәлімдеме жасады.
"Іс 7 ақпанда бізге түсті. Арнайы прокурор тағайындалады. Тергеу сотында біз кәмелетке толмаған қыздың айғақтарын бекітуді талап етеміз", — деді Тараз қаласының бас прокуроры Нұржан Боранбаев.