"Полиция келгесін тарқап кеттік": Айгүл Иманбаева үйіне қонақ шақырамын деп оқыс оқиғаға тап болды
Танымал әнші Айгүл Иманбаева достарына соғымбасы беремін деп оқыс оқиғаға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/albums
Өнер иесі өз шаңырағына эстрада жұлдыздарын шақырды.
“Сонау 1994 жылдан, студенттік кезден бірге келе жатқан жақын достарым, жекжаттарым. Жылдағы сағынысып көрісетін "Соғым party-ға” шақырдым. Мен жоқ болсам, жан-жаққа шашырап жүреді. Осылардың басын қосайын деп жинап жатырмын. 31 жылдан бері келе жатқан сенімді серіктерім”, – деп жазды әнші.
-
"Ең маңыздысы – күйзеліске түспей, сауатты өту": Айгүл Иманбаева мүшел жасқа қатысты ойын бөлісті
-
"Жасамағаным көп": Айгүл Иманбаеваның жазбасы көпшілікті ойландырды
Алайда өнер иелерінің отырысы көршілеріне ұнамаса керек, полиция келіп, қонақтарды таратып жіберген.
“Мазасыз көршім полиция шақырып, отырысты ерте аяқтауға тура келді. Айгүл Елшібаева концертті үйдің алдында жалғастырған. Полиция келіп, бір ән салуымыз кем болып қалды. Аттың басын жіберген отырыс болды”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева құрбыларының тосынсыйын көрсеткен еді.