Алматыда формасын киіп, көлікте сыра ішкен "полиция қызметкері" ұсталды (видео)
Әлеуметтік желіде полиция формасын киген ер адам көлікте сыра ішіп, оны белбеусіз айдап, мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойып, қатты жылдамдықпен айдағаны туралы фото-видео тарады. Полицейдің бұл әрекетіне қатысты Stan.kz тілшісі Алматы полиция департаментінен жауап алды.

Белгілі @egovpress телеграм-арнасында полиция формасын киген адамның оғаш қылығы мен жұмыс уақытындағы этикаға сай емес фото-видеолары жарияланды.
Алматы полиция департаменті оның мүлдем құзырлы органда қызмет істемегенін мәлімдеді.
"Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу кезінде бұл азаматтың полицияға еш қатысы жоқ екені анықталды. Ол мүлдем полиция бөлімшесінде қызмет атқармаған. Ол қамауға алынды. Сотталушы полиция киімін заңсыз пайдаланғаны және бірқатар жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды", – деп жауап берді полиция департаментінің ресми өкілі.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан