Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция басқармасындағы азаптау: Прокуратура Түркістан облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Түркістан облыстық прокуратурасының өкілдері тұрғынды азаптауға қатысты жағдай туралы пікір білдірді. Қазір Сауран ауданының тұрғынын азаптады деген күдікке ілінген полицейлер бостандықта, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азаптаған

Прокуратура өкілінің сөзінше, сот полицейлерді кінәларының дәлелденбеуіне байланысты ақтап алған. Алайда бұдан кейін прокурорлар істі қайта қарауға қол жеткізген.


"Екі қой үшін басыма қап кигізіп, ұра бастады": Түркістандық азамат полиция қызметкерлерінің тарапынан қорлық көргенін айтты


"Бас прокуратура бізді қолдап, елдің Жоғарғы сотына негізсіз ақтап алу үкіміне қатысты шағым түсірді. Бұдан кейін Жоғарғы сот үкімді жоққа шығарып, қайта қарауға жіберді", – деді Түркістан облысы прокуратурасының өкілі Қаныбек Тоқсанбаев.

Еске салайық, әлеуметтік желіде полиция басқармасында азапталған ер адамның дауысы жазылған видео жарияланған еді. Ер адамның сөзінше, полицейлер басына қап кигізіп, ұрып-соққан. 

Талқылау