Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі қой үшін басыма қап кигізіп, ұра бастады": Түркістандық азамат полиция қызметкерлерінің тарапынан қорлық көргенін айтты

Түркістан облысының тұрғыны Сауран ауданының полиция бөлімінде құқық қорғау қызметкерлерінің азаптағанын мәлімдеді. Ер адамның айтуынша, оны ақпан айында 100 мың теңге тұратын екі қойды ұрлады деген күдікпен ұстаған. Осылайша қылмысты жасағанын күштеп мойындатпақ болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Азаптау оқиғалары Түркістан облысы Сауран ауданының полиция бөлімінің бейнебақылау камерасына түсірілген. 

“Олар маған “малды сен ұрладың” дейді. Мен қылмысты жасамағанымды айттым. Осыдан соң олар басыма қап кигізіп, мені ұра бастады. Жағдайыңды өзін нашарлатып жатырсың деді. Құжаттарын әкеп, қол қойдыруға мәжбүрледі. Қол қоймап едім, қапты қайта кигізіп, қайта соққыға жықты. Бірақ мен өзімнің бұл қылмысты жасамағанымды білемін ғой. Сол үшін ештеңені мойындамадым. Олар маған “сенің тағдырың шешіліп қойды” деп айтып, өздерінің прокурормен келісіп қойғандарын жеткізді”, – дейді Түркістан облысының тұрғыны Нұрболат Өмірбеков.  

Алайда Нұрболат өзінің қылмыс жасамағанын дәлелдей алған. Іс жабылды. Полицияға жазған арызынан кейін ер адам өзін ұстаған кабинеттің жанындағы дәлізден видеоны алған. Осылайша Нұрболат бес полицейдің мәліметтерін көрсетіпті. Департамент бейнежазбадағы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Күдіктінің өзіне Сауран аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің күш қолданғаны туралы мәлімдемесі сол күні назарға алынды. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы қауіпсіздік басқармасына тапсырма беріп, қылмыстық іс қозғады. Осы жылдың ақпан айында полицейлерге қатысты қылмыстық іс Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды”, – дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимал агенттігі бұл жағдайға түсінік берген жоқ. Адвокат Евгений Яворскийдің айтуынша, тіпті бейнежазбадан бір дыбыстың өзімен "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға болады.

“Видеодағы естіп тұрған дауыстардың кімдікі екенін анықтау үшін бірқатар сараптамалар жүргізу керек.  Бірақ, менің ойымша, бұл дәлел болып саналады. Егер азаптау туралы айтатын болсақ, оларды дәлелдеу өте қиын”, – дейді адвокат Евгений Яворский. 

Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро азаптаулар бойынша қылмыстық істер жиі әуре-сарсаңға салғызатынын мойындайды. Сондықтан жауапкершілікке тартылғандар саны да көп емес.

“Әдетте полицияның жедел қызметкерлері жауап алады. Бірақ олардың кабинеттерінде бақылау камералары жоқ. Арнайы жауап алу камералары болуы керек, содан кейін нақты ұстау уақыты, полицияға жеткізу уақыты болуы керек, осының бәрі жазбалар журналында тіркеледі. Бізде тіркеу белгілері өте төмен сапалы және кейде жұмыс істемейді. Еліміз азаптауға мүлдем көз жұмып қарауға болмайтынын мәлімдеген еді. Адам құқықтары жөніндегі Бюро қызметкерлерінің деректері бойынша жыл басынан бері азаптау және құқық қорғау органдарына қарсы арыздың басқа да түрлері туралы 172, ал өткен жыл ішінде 233 шағым түскен”, – дейді адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның оңтүстік қазақстандық филиалының заңгері Николай Тарара. 

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлердің Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғынын азаптау кезіндегі дауыстар жазылған видео жариялағанын жазған болатынбыз. 

Талқылау