Полиция "Алтын Орда" базарын басып алу туралы ақпаратқа пікір білдірді
Алматы полициясы желіде тараған "Алтын Орда" базарын белгісіз топтың күзетіп жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше оқиға 21 маусымда болған.
"Әлеуметтік желіні бақылу кезінде белгісіз адамдар тобы базар аумағын күзету бойынша заңсыз әрекет еткені анықталды", – делінген хабарламада.
Бұл дерек Қарасай ауданды полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бабымен тіркелген.
Анықталғандай күзет агенттігінің "Алтын Орда" базары аумағында күзет қызметін ұсыну бойынша келісімшарты болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында келісімшарттар мен өзге де құжаттар тексеріліп жатыр.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар