Полиция Алматыдағы түндегі "атысқа" қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Алматыда Назарбаев даңғылы мен Сәтпаев көшесі қиылысында атыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушыларының айтуынша, Lexus LX570 автөлігіне оқ атылған.
Алматының полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған аумақта тергеу эксперименті жүргізілгенін хабарлады.
"Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық істі тергеу аясында аталған аумақта тергеу экспериментін жүргізгенін хабарлайды", – делінген ақпаратта.
Полиция департаменті азаматтардан үрейге берілмей, тек ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұрады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ