Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция рейдерлік әрекет бойынша Әлия Назарбаеваға қатысты іс қозғаудан бас тартқан

Полиция экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға, сондай-ақ Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Роговаға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KazTag сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны ТПК Азия ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин мәлімдеді.

"14 наурызда Тоқаев бас прокурор Асыловпен бизнесті бопсалаушылардан қорғау тақырыбында кеңес өткізді. Ал 19 ақпанда Меғдат Қалиев екеуміз бас прокуратураға арыз жазғанбыз. Президентіміздің тапсырмасына қарамастан, бас прокуратура істі ҚМА-ға жібереді, дегенмен ҚМА-дан ешкім хабарласпады және ешқандай тергеу әрекеттерін жүргізбеді. Олар мені Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне дейін апарды, бірақ менің Алмалы ауданына мүлдем қатысым жоқ, тіпті онда тұруға ықтиярхатым да жоқ. Жарайды, келдік, арызымыз бойынша түсініктеме бердік, қағаз жүзінде дәлелдер әкелдік, олар оны да қарамай, күні кеше ғана қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, конституциялық құқығымызды қайта-қайта бұзды", – деді Бимурзин.

Назарбаеваның және басқа да тұлғалардың үстінен түскен шағым номенклатуралық іс ретінде есептен шығарылғаны туралы Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінен хаттың көшірмесін қоса тіркеген.

"Қылмыстық істі қараудан бас тарту туралы бұл жауапқа қазірдің өзінде шағым түсірдік және оны тергеу сотына жібереміз", – деп атап өтті Бимурзин.

Ол Роговаға қатысты жағдайға да түсініктеме берді.

"Рогова ханымға келсек, оның біздің сұхбаттарымыз бен сөздерімізге ашумен жауап берді. Сонымен қатар біздің бопсалаумен айналысып жатқанымызды айтады. Мен Қалиевпен бірге жариялап отырған сенімхаттар, бұл біздің компаниямыздың "ТПК Азия" ЖШС қызметіне қатысты. Ол біздің активтерді Sinooil-ға сатуға қатты қарады. Жалпы Қалиев екеуміздің арам пиғылым жоқ, біз жай ғана меншік құқығымызды қалпына келтіріп, моральдық азаптың орнын толтырғымыз келеді", – деді ол.

Еске салайық, Бимурзин 28 ақпанда серіктесі Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын хабарлаған еді.

Бұған дейін бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуінің бизнес орталығына қатысты қылмыстық істі қысқартты деген ақпарат тараған еді. Бас прокуратура бұған түсініктеме беріп, Қайрат Шәріпбаевтың қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

Талқылау